KZ
Өскемен
-30°
туман жел 2 м/с, В
518.39 603.09 6.68

Қазақстан мен Ресей ЖЭО салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойды

t.me/Minenergokz

20.04.2024, 12:00 412 Назерке Каримова

Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында көмірмен жұмыс істейтін жылу электр орталықтары салынады.

ҚР Энергетика министрлігі мәлімдегендей, ҚР мен РФ-ның энергетика министрліктері арасында Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу жобалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тараптар "ИНТЕР РАО - Экспорт" ЖШҚ және "Самұрық-Энерго" АҚ атынан уәкілетті ұйымдарды анықтады.

– Үш облыс орталығында - Семей, Көкшетау және Өскеменде үш жаңа ЖЭО салу энергетикалық көмірдің мол қорын ескере отырып, олардың одан әрі дамуына қуатты серпін береді, – деп атап өтті ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.


Қазақстан тарапынан уәкілетті ұйым "Самұрық-Энерго" АҚ ағымдағы жылдың өзінде-ақ алғашқы ЖЭО-ны салуды бастау үшін тиісті жол картасын әзірледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу