ШҚО-ның Ұлан ауданындағы дәрігерлік амбулатория қайта жаңғыртылды
Бүгін Республика күніне орай Ұлан ауданының Айыртау ауылдық округі Айыртау ауылының дәрігерлік амбулаториясының күрделі жөндеу жұмыстарынан кейінгі салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Шара барысында көк лентаны қию құрметі ауыл ақсақалдары Сағынғанов Қадылбек пен Есенбаев Болысқан аталарға берілді.
Жалпы ауылдық округте 2191 адам тұрады.
Шараны ұйымдастырушылардың мәліметінше, дәрігерлік амбулаторияның күрделі жөндеу жұмыстары биылғы шілде айында басталған болатын. Содан бергі төрт айдың ішінде жұмыстар толық аяқталып, халықтың игілігіне қолданысқа беріліп отыр.
Дәрігерлік амбулаторияда дәрігер, фельдшер, акушер, медбике, зертханашы, санитар және жүргізуші қызметінде 8 адам жұмыс атқарады.