KZ
Өскемен
небольшой снег жел 2,4 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Привольное мен Асубұлақтағы ауруханалар жөнделеді

7.08.2024, 13:03 119 Қуаныш Рахметоллаұлы

Облыста денсаулық сақтауды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы бойынша өткен жылы 17 медициналық пункт салынды. Ұлан ауданында Сарыөзек,  Желдіөзек, Отрадное, Макеевка, Казачье ауылдарында бес медициналық пункт салынды. Жыл соңына дейін тағы 19 нысанды, оның ішінде Ұлан ауданы Тройницкое ауылындағы 1 медициналық пунктті аяқтау жоспарлануда.

– 9 нысанға, оның ішінде Ұлан ауданының Айыртау, Герасимовка ауылдарындағы мекемелерге күрделі жөндеу жүргізу, сондай-ақ, материалдық-техникалық жағдайды жақсарту және шетелде мамандарды оқытуға 5,8 млрд. теңге көзделген. Ұлан ауданының Асубұлақ және Привольное ауылдарының тұрғындары дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеу мәселесін көтеруде. Денсаулық сақтау, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына келер жылы Асубұлақ және Привольное ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу