KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория салынады

5.04.2023, 21:03 281 Ләззат Қанатқызы

Биыл Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория салынады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Эльдар Тумашинов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін айтқан болатын.

– Бүгінде еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ. Алдағы екі жылда бұл ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды, – деді Президент.

 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биыл Глубокое ауданында 4 дәрігерлік амбулатория бой көтермек.

– «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы бойынша Верхнеберезовский, Прапорщиково, Секисовка, Бобровка ауылдарында дәрігерлік амбулатория, Уварово ауылында фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен 226 разъезде медициналық пункт салу жоспарлануда, – деді Эльдар Лұқбекұлы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу