KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс

30.10.2024, 17:00 43 Төлеуғазы Жансая

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына кедергі келтіретін, болашаққа зиян тигізетін індет. Жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып отыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылыққа төнген қатер ретінде бағаланып, жалпыұлттық кешенді бағдарламаларды дәйекті түрде жүзеге асыру қажет деп саналады. Жемқорлық – қоғамның барлық мүшелеріне ортақ мәселе, сондықтан онымен күресу – әр азаматтың борышы.

Жемқорлықтың әсерінен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі айтарлықтай төмендеп, адамдардың заң мен әділеттілікке, сондай-ақ билікке деген сенімі әлсірейді. Осы себепті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік-саяси деңгейге көтеріліп, Мемлекет басшысымен тікелей бақыланады.

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында соттарда түрлі іс-шаралар өткізілуде: Сенім телефондары орнатылып, шағымдар мен өтініштерге арналған жәшіктер қойылған. Апта сайынғы кеңестерде судьялар мен сот қызметкерлеріне процеске қатысушылармен процестік емес байланыстарды болдырмау қажеттілігі туралы ескертіліп отырады.

Жемқорлықтың алдын алу үшін әр азаматтың белсенді болуы қажет. Сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресуіміз керек!


Өскемен қаласының

мамандандырылған тергеу сотының

бас маман-сот отырысының хатшысы 

Г.Б. Садық


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу