KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Жыр болған жаяу жүргіншілер жолағы

6.11.2024, 18:00 165 Төлеуғазы Жансая

 

Өскемен қаласында 7 жыл бұрын Статус дүкені мен Daniel сауда үйінің арасында болған жаяу жүргіншілер жолағы қайта ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Көптеген қала тұрғындарының өтініштерінен кейін аталмыш аумақтағы жаяу жүргіншілер жолағын қайтару тақырыбы қайта қозғалды. 2018 жылы «Басты мақсатымыз - азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» деген желеумен қаладағы Спорт сарайының алдында жол үсті өткелдері салынған болатын. 

-    2018 жылы жол үсті өткелін ашпас бұрын біз 5 жылдың статистикасын жасадық, сол кезде 46 жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Бағдаршамның тұрғанына қарамастан жылына 7-14 қақтығыстар болып тұрған. Бұл жол-көлік оқиғалары ең көп орын алатын аса қауіпті жол бөлігі болды. Сондықтан қаладағы алғашқы жол үсті өткелін дәл осы Спорт сарайының алдында салу шешімі қабылданған еді. Екіншіден, бағдаршамдар түнде сары түсте ғана жыпылықтап тұратыны белгілі. Бұл жерде тағы жол-көлік оқиғасы орын алса, адам өлімі тіркелсе, халықтың «Жол үсті өткелі тұрғанда жаяу жүргіншілер жолағын қайта ашқандары несі!?» деп наразылық білдірері сөзсіз. Өз тәжірибеме сүйене айтсам, жол қақтығысы бұл тұста міндетті түрде болады, - деді Өскемен полиция басқармасының жол-техникалық инспекциясы бөлімінің бастығы Сергей Коваленко. 

Қала әкімдігінің ұстанымы тұрғындар сұранысына негізделіп отыр: Статус дүкені мен Daniel сауда үйінің ортасынан басталатын Назарбаев көшесі бойындағы аллеяға жол ашуды көпшілік сұрап отырған көрінеді. 

-    «Тұрғындар аспалы көпірге шығу қиындық туғызады, аллеяға барғымыз келеді» деп жаяу жүргіншілер жолағын қайта ашуды сұрап жатыр. Енді қазір 2017 жылмен салыстырғанда жағдай өзгерді. Сондықтан мен  жол-техникалық инспекциясы қызметкерлері мен біздің мамандарға бұл мәселені бірігіп қарастыруды ұсындым. Әзірге ешқандай шешім қабылданған жоқ. Мамандардың пікірін толық күтетін боламыз, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. 


Ақерке Рағызбаева
Фото: Аяужан Утеулинова
Видео: Жәнібек Ырысбай

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу