KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Жүргізуші куәлігіне емтихан тапсыруда екі факторлы аутентификация енгізілді

7.11.2024, 15:00 92 Гульжан Мусина

Қазақстанда жүргізуші куәлігіне теориялық емтихан тапсыру процесі өзгерді. Енді үміткерлер емтихан тапсыру алдында жеке басын екі факторлы аутентификация арқылы растайды. Бұл жаңалықты 2024 жылғы 6 қарашада "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жариялады.

Жаңа ережелерге сәйкес, үміткерлер теориялық емтиханға тек жеке басын растау рәсімінен өткеннен кейін ғана кіре алады. Растау екі жолмен жүзеге асады:

SMS хабарлама арқылы;
Биометриялық жүйе арқылы.
Емтихан басталар алдында үміткердің электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетіне тіркелген телефон нөміріне 1414 нөмірінен SMS-хабарлама жіберіледі. Бұл хабарлама арқылы үміткерден дербес деректерге қол жеткізу рұқсаты сұралады.

Жаңа екі факторлы аутентификация жүйесі емтихан тапсыру процесінің қауіпсіздігін арттыруға және дербес деректерді қорғауға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу