KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
494.87 520.65 4.91

Өскемендік дәрігер жоғары марапатқа ие болды

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы

9.11.2024, 19:00 100 Назерке Каримова

Өскемен қаласындағы №1 емханада Гүлнар Жүгінісқызы жақында ҚР "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" жоғары наградасымен марапатталды.

Бұл марапат халық денсаулығын қорғауға, медицина саласын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін медицина қызметкерлеріне беріледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Дәрігер Гүлнар Жұмағалиев 1991-2018 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерінде дәрігер-онкогинеколог, кейін емхана меңгерушісі болып еңбек етіп, көптеген науқастардың өмірін сақтап қалған.

Гүлнар Жұмағалиева бес жылдан бері облыс орталығындағы №1 емханада онколог-маммолог болып жұмыс істейді. Ғылыми еңбектері көптеген республикалық, облыстық, қалалық ғылыми журналдарда жарияланған.

- Гүлнәр Жүгінісқызы шығармашылық бастамашылдығымен, жауапкершілігімен, ұжымда жұмыс істей білуімен ерекшеленеді. Өз ісінің шебері және өте мейірімді, ақкөңіл, ашық-жарқын жан. Науқастарының денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайды, - деп атап өтті Өскемен қаласындағы №1 емхананың бас дәрігері Айман Мырамытова.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу