KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

ТЖ вице-министрі ШҚО-дағы су тасқыны қаупі бар аудандарды тексерді

ШҚО ТЖД

10.11.2024, 09:00 73 Назерке Каримова

ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысының су тасқынына қауіпті аймақтарына барды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Сапардың негізгі мақсаты — гидротехникалық құрылыстардың жағдайымен танысу және өңірдің көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау.

- Біз гидротехникалық объектілердің жағдайына ерекше назар аударып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су басу қаупін азайту және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белсенді жұмыс атқарып жатырмыз, - деп атап өтті Кеген Тұрсынбаев.


Сондай-ақ, вице-министр жергілікті әкімдермен кездесіп, су тасқынының алдын алу шараларын талқылады. Ол өңірдегі жол бойларында қыста ашылатын жылыту пунктілерінде болып, олардың жұмыс жағдайымен танысты. Бұл пунктер төтенше жағдайлар кезінде суықта паналауға, медициналық көмек көрсетуге және ыстық тамақпен қамтамасыз етуге арналған.

Сонымен қатар, вице-министр Шығыс Қазақстанда орналасқан өрт сөндіру бөлімдері мен ТЖ қызметінің бөлімшелерін де аралап, материалдық-техникалық базаның жағдайымен танысты. Төтенше жағдайлар министрлігі құтқару бөлімшелерін жаңа техникалармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқанын атап өтті. Өрт сөндіру бөлімдері мен құтқару қызметтеріне жаңа техника жеткізілуде.

- Техника мен құрал-жабдықтарды жаңарту құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің төтенше жағдайларда жедел және тиімді әрекет етуі үшін маңызды,  - деп атап өтті вице-министр.


Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел әрекет ету жүйесін жетілдіру жөнінде бірнеше тапсырмалар беріп, облыста төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту міндеттерін қойды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу