KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Өскеменнің қай көшелері жөндеуді қажет етеді?

pixabay.com

10.11.2024, 18:00 104 Назерке Каримова

Қаламызда жыл сайын көшелерді орташа жөндеу бойынша жұмыстар атқарылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

– Биыл 38 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар. – Оған асфальт жабындысын толық ауыстыру, жөндеу және қажет болған жағдайда қосымша тротуарлар салу жұмыстары кіреді. Аталған жұмыстарды жоспарлау кезінде біз жол полициясының ұсынымдарын, сондай-ақ азаматтар жолдаған сұрауларды да басшылыққа аламыз.


Қала әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сауалнама жүргізіп, орташа жөндеу жұмыстарын ең бірінші кезекте жүргізу қажет деп санаған учаскелер бойынша тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарын сұрайды.

Бұл ақпарат 2025 жылғы жұмыс тізбегін жоспарлау кезінде ескерілетін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу