KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
516.91 586.33 6.3

Өскеменде Аблакетканың жолдары жөнделе бастады

9.04.2019, 11:41 287

Өскеменнің Аблакетка ауданында көптен күткен жол жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлімдеп отыр.

-Мұндай жөндеу жұмыстары 2007 жылдан бері жүргізілмеген. Қазір жиектастарға демонтаж жасалып жатыр. Жақын арада ескі асфальт жабындысы алып тасталады, - деп жазады шаһар басшысы.

Барлығы бұл ауданда ұзындығы 2,5 шақырымдай жердің 22 000 шаршы метрдей учаскесіне асфальт төселіп, 1600 метрдей жиектас ауыстырылады екен.

Жөндеу жұмыстары осы жылдың қазан айына дейін аяқталуға тиіс.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу