ШҚО-да итмұрын жинауға шыққан ер адам адасып кеткен (видео)
pexels.com
ШҚО ТЖД құтқарушылары боранды күні тауға шығып, адасып кеткен азаматты дер кезінде тауып, қалаға жеткізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- 1954 жылғы Өскемен қаласының тұрғыны көлігін жол жиегіне тастап, итмұрын жинау үшін таулы аймаққа жаяу шыққан. Бірнеше сағаттан кейін ол боранда бағыт таба алмайтынын түсініп, құтқарушыларды шақырған, - деп хабарлады ШҚО ТЖД. – Құрамында кинологтары бар іздестіру тобы әлсіреген және тоңып қалған саяхатшыны таудан тауып, оны медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем көлігіне жеткізді.
ТЖД мамандары халыққа өз денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеу үшін қолайсыз ауа райында қала сыртына шықпауды ескертеді.
Оқи отырыңыз