Суретке түспек болған ер адамға дәрігерлер мен құтқарушылар көмекке келді – ШҚО
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Суретке түспек болып жарақаттанған ер адам дәрігерлер мен құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды.
Демалыс күндері Риддерде достар жиналып, таулы-орманды жерге демалуға барады. Ер адамдардың бірі суретке түспек болып, биік ағашқа өрмелеп шыққан. Бір мезетте аяғы тайып кеткен ол құлап, ауыр жарақат алып қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға орнындағы куәгерлер жедел жәрдем мен құтқарушыларды көмекке шақырған.
- Зардап шеккен адамға жету үшін ШҚО ТЖД 1-МӨСБ құтқарушылары мен дәрігерлеріне жетуі қиын жерлердің 30 шақырымын еңсеруге тура келді. Ақ халаттылар 1981 жылғы ер адамға алғашқы көмек көрсетті, ал құтқарушылар оны таудан жедел жәрдем көлігіне дейін зембілмен тасымалдады, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.
Оқи отырыңыз