Өскемендегі құбыр жарылған жерде жұмыстар тоқтаусыз жалғасуда
Сәтпаев даңғылындағы №10 жылу магистраліндегі құбыр жарылған жерде жөндеу жұмыстары түннен бері тоқтаусыз жүргізілуде,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Құбырды қалпына келтіру барысында топырақты қазу, суды сорып шығару және құбырды дәнекерлеуге дайындау көп уақыт алды.
Соңғы мәліметтер бойынша, апат орнында түнде үздіксіз су сору және дәнекерлеу жұмыстары жүргізілді. Ұсынылған видеокадрларда таңғы сағат 4-тен 9-ға дейінгі аралықтағы жұмыстар анық көрінеді. Таң ата қалпына келтіру қарқыны күшейтілді. Жарылған құбырдың диаметрі шамамен 630 мм болғандықтан, сонымен қатар құбыр жарылуынан аққан судың ауқымды көлемі жұмысты айтарлықтай қиындатып отыр.
“Шығыс Жылу” АҚ мамандары атап өткендей, дәнекерлеу жұмыстары тар әрі күрделі жағдайда жүргізілуде.
Техникалық ресурстар мен қажетті материалдар жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген. Жұмысшылар суық ауа райына, судың және батпақтың қиын жағдайына қарамастан, өз міндеттерін адал атқаруда.
Қала және облыс басшылығы апат орнын бақылауда ұстап отыр. Жылу жүйесін жақын арада толық қалпына келтіру үшін барлық күш-жігер жұмсалуда.