Катонқарағайда жылу жүйелері жөнделіп жатыр
Фото: Катонқарағай ауданының әкімдігі
Катонқарағай ауданында жылу жүйелерін қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Жоба аясында барлығы 5030 м құбырды жөндеу қарастырылған. Қазіргі уақытта жартысына жуығы, яғни 2350 м құбыр жөнделді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жөндеу жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.
Жұмыс жобасының бекітілген жылу кестесіне сәйкес 25 тұрғын үй, 8 дүкен, 1 шағын базар, полиция ғимараты, С.Ластаев атындағы мектеп, «Жас туристер станциясы», «Айгөлек» балабақшасы, әкімдік, «Қазақтелеком», Мәдениет үйі, «Қаратай» спорт кешені және тағы басқа ғимараттар жылу жүйесіне қосылмақ.