KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

Сәтпаев көшесінде тез арада жылу жүйесі ретке келтіріледі

Кеше, 23:00 66 Төлеуғазы Жансая


Өскемендегі №10 жылу магистралінде құбыр жарылуы салдарынан болған облыс орталығының кейбір аудандарын жылумен қамтамасыз ету проблемасы тез арада жойылуда. Бұл туралы диаметрі 630 мм болатын құбырдың жарылу орны анықталған кезде хабарланды. Ақаулық шыққан жерге барлық күш пен мүмкіндіктер жұмылдырылды. Бастысы, барлық қажетті техника мен кәсіби ресурстар қолда бар. Жағдайды облыс әкімі Ермек Көшербаев жедел өз бақылауына алды.

“Мәселенің күрделілігі - жылу магистралінің жарылған тұсын табу болды” дейді мамандар. Ақауды іздеуге көп уақыт кеткен.

“Шығыс Жылу” АҚ техникалық директоры Асхат Бұқатовтың айтуынша, ақаулықты жөндеуге қажетті техника жеткілікті. Аймақ басшысының тікелей бақылауымен құбыр жарылған орынға 5 техника, 20 адам жұмылдырылып, арнайы 3 инженер-техник маман тартылды. 

Қымталған құбыр болғандықтан ақау орнын табу қиындық тудырғаны рас. Бірақ, мамандар жедел әрі кәсіби түрде әрекет етіп, ақау орнын тапты. Тез арада жылу беруді қалпына келтіртеміз, - деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.

Айта кетейік, құбыр жарылуы Сәтпаев көшесінде салынып жатқан жаңа сауда орталығының аумағында орын алды. Оқиға орнында барлық қажетті техника мен мамандар жұмыс істеп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу