KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Өскемен гарнизонында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара өтті

28.02.2023, 10:03 559 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонының  27943 әскери бөліміндегі нәзік жанды әскери қызметшілердің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Аталмыш шара «Құқық бұзушылықсыз әскер» акциясы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараның мақсаты – әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, жалпы құқықтық негіздерді түсіндіру.

- Қазір Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдерде түрлі тақырыптарды қамтитын онкүндіктерге ерекше назар аударылған.Әскери қызметшілердің құқықтық танымдарын жетілдіру мақсатында жоспарланған айлықтар мен онкүндіктер жиі өткізіледі. Осы кездесу барысында жеке құрамға кез-келген құқық бұзушылықтың салдары үлкен қылмысқа әкеліп соғатыны жеткізілді, - деді әділет аға лейтенанты Ғани  Нұрғаламбаев.

 Шараға  әскери полиция өкілдері, Өскемен қалалық жергілікті ПҚ Әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспектор, дағдарыс орталығының психологы қатысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу