KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Өскеменде ауа сапасы бақылауда – ШҚО Экология департаменті мәліметі (видео)

25.11.2024, 21:10 275 Төлеуғазы Жансая

 

2024 жылғы 25 қарашада әлеуметтік желілерде Өскемен қаласын түтін басқан бейнежазбалар тараған болатын. Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысының экология департаменті таңертеңнен бастап қаланың әртүрлі аудандарында ауа сапасын бақылау бойынша жедел шаралар ұйымдастырды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ШҚО экология департаментіне сілтеме жасап.

Күні бойы арнайы жабдықтармен жүргізілген өлшеулер нәтижесінде зиянды заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы анықталған жоқ. «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалының автоматты бақылау бекеттерінің деректері де 25 қарашада атмосфералық ауаның ластану көрсеткіштері ШРК-дан аспағанын көрсетті.

23 қарашадан бастап қалада қолайсыз метеорологиялық жағдайлар байқалуда.  Бұл жағдай синоптиктердің болжамы бойынша 26 қарашаға дейін жалғасады. Мұндай ауа райы атмосферада ластаушы заттардың таралуын қиындататыны белгілі.

– Экология департаментінің мамандары «Қазцинк» ЖШС металлургиялық кешенінің негізгі ластау көздерінде тексеру жүргізді. Нәтижелер кәсіпорын шығарындыларының белгіленген нормалар шегінде екенін көрсетті. ҚМЖ кезінде өнеркәсіптік кәсіпорындар шығарындылар көлемін азайту, өндірістік жүктемені төмендету және экологиялық стандарттардың сақталуын күшейту бойынша шаралар қабылдауда, – делінген хабарламада.

Өскеменнің Алтай тауларында орналасуы әлсіз желді ауа райын тудырып, ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Сонымен қатар, жеке сектордағы көмірді қолданатын пештер, кәсіпорындардың қазандықтарынан шыққан түтін және автокөлік те ауаның сапасына кері әсерін тигізеді.

Экология департаменті экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықтың өмір сапасын арттыруды басты міндеті ретінде қарастырады.

– Экология департаменті тұрғындардың алаңдаушылығын түсіне отырып, атмосфералық ауа сапасын бақылауды күшейтті. Барлық өлшеулер сертификатталған және тексерілген құралдармен жүргізіліп, объективті деректер ғана жарияланады. Бақылау жұмыстары қала аумағында ғана емес, негізгі өнеркәсіптік нысандарда да тұрақты негізде жалғастырылуда, – дейді департамент мамандары.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу