KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
523.17 550.06 4.93

Ауыл мектептері оқушыларының республикалық олимпиадасы өз мәресіне жетті 

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі
2.12.2024, 14:00 53 Гульжан Мусина

Ауыл мектептері арасында өткен II республикалық олимпиада қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер белгілі болды. Биылғы жылы қорытынды кезеңге еліміздің шалғай аймақтарынан 486 оқушы қатысып, оның 221-і жеңімпаз атанды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашұлы Бекболатов ауыл оқушыларының білімге деген ынтасы мен олимпиада мәртебесінің артып келе жатқанын ерекше атап өтті.

- Биыл олимпиаданың алғашқы кезеңіне 113 мыңнан астам оқушы қатысты, бұл өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш. Барша қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймын! - деді ол.

Олимпиада барысында 42 алтын, 62 күміс және 117 қола медаль табысталды. Жеңімпаздарға жетекші жоғары оқу орындары – SDU мен Қожа Ахмет Ясауи университетінен 8 ректорлық грант ұсынылды. Сондай-ақ, математика, физика және информатика бойынша үздіктер Республикалық физика-математика мектебіне грант негізінде қабылданды.

Үш кезеңнен тұратын олимпиадаға барлығы 99 264 оқушы қатысып, олардың 53 593-і аудандық кезеңге, ал 12 000-ы облыстық кезеңге жолдама алды. Финалдық кезең 10-14 желтоқсан аралығында Астанада өтеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу