Ауыл оқушыларының пәндік олимпиадасының облыстық кезеңі аяқталды
Ауыл мектептері оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III облыстық кезеңі аяқталып, оған 12 мыңнан астам оқушы қатысты. Олимпиада 93 тірек мектепте, 13 пән бойынша өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Республикалық кезеңге III кезеңде үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар (әр пән мен сынып бойынша екі қатысушыдан артық емес) жолдама алды. Оған:
- Жаратылыстану-математикалық бағытта 9-11(12) сынып оқушылары;
- Қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10-11(12) сынып оқушылары қатысады.
Айта кетсек, олимпиаданың алғашқы кезеңіне 100 мыңнан астам оқушы қатысып, оның 54 мыңға жуығы екінші кезеңге өткен еді. Үшінші кезеңге өткен 12 мың қатысушының ішінен 1088-і республикалық кезеңге жолдама алды.