KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 8 м/с, ОШ
516.93 542.52 4.98

Жол қозғалысы ережелеріндегі өзгерістер: негізгі мәліметтер

pexels.com

5.12.2024, 10:00 63 Төлеуғазы Жансая

2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда жол қозғалысы ережелеріне енгізілген бірқатар өзгерістер күшіне енді. Бұл өзгерістер жүргізушілердің тәртібін күшейтуге бағытталған,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

1. Жарық шамдарын қоспауға байланысты өзгерістер

Күндіз жарық шамдарын қоспағаны үшін айыппұл жеңілдетілді. Бұрын бұл ереже үшін ескерту немесе 3 АЕК айыппұл салынатын. Енді бірінші рет бұзған жағдайда тек ескерту беріледі.
Алайда, жыл ішінде қайталанған жағдайда 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

2. Жылдамдықты асыруға қатаң шаралар

  • Егер жүргізуші рұқсат етілген жылдамдықтан 60 км/сағ және одан жоғары асып кетсе, 40 АЕК айыппұл салынады.
  • Бір жыл ішінде қайтадан жылдамдықты асырса – 60 АЕК.

Енді жылдамдық тек радар немесе арка астында ғана емес, белгілі бір жол учаскесінде жүріп өткен уақыт арқылы есептеледі.
Мысалы, көлік құралдарының жолдың ұзындығын жүріп өту уақыты бойынша орташа жылдамдығы анықталады.

Бұл жүйе республикалық маңызы бар тас жолдарда енгізіледі. Айыппұлдар жылдамдықты асырудың бұрыннан бар ережелеріне сәйкес салынады (ӘҚБтК 592-бабы).

Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге 7 жыл бойы жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыруға тыйым салынады.

Бұл өзгерістердің барлығы жол-көлік оқиғаларының алдын алу және олардың ауыр салдарын азайту үшін қабылданды. Орташа жылдамдықты бақылау жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға мәжбүрлеп, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр адамның қауіпсіздігіне кепіл!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу