KZ
Өскемен
-11°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Енді шектеу шараларын бұзғандар 555 теңге айыппұл төлейді

13.05.2020, 11:18 329

Мәжіліс депутаттары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгертулер енгізуді қолдады. Енді төтенше жағдай режимін бұзғандар жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Төтенше жағдай режимін немесе шектеу шараларына қатысты талаптарды орындаудан бас тартқандарға қатысты жауапкершілік күшейтіледі. Енді тәртіп бұзғандар 10 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (27,7 мың теңгеден 277,8 мың теңгеге дейін) айыппұл арқалайды немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Ал ережебұзушылық екінші рет қайталанған жағдайда 200 АЕК мөлшерінде (555,6 мың теңге) айыппұл төлеу міндеттеледі немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылады.

 

 

 

.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу