«Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында 437 үй салынуда
Баспанамен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі маңызды сұрақтар қатарынан еш түскен емес. Шығыс Қазақстан облысында ағымдағы жылы қаржыландырудың барлық көзі есебінен 801 мың м2 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысы бойынша 400,0 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Осылайша, 3 700 отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Көшербаев мәлімдеді.
Тұрғын үй құрылысына жоспарланған инвестициялар көлемі - 133,3 млрд. теңге, 105% өсіммен, оның ішінде 25,9 млрд. теңге - бюджеттік қаржыландыру.
Жалға берілетін тұрғын үй барлық елді мекендерде дерлік, оның ішінде шекара маңындағы елді мекендерде - 202 пәтер сатып алынады.
«Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасын іске асыру жалғасуда, оның аясында жеке инвесторлар 437 үйдің құрылысын жүргізуде. Тұрғын үйлер халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жалға берілетін тұрғын үй ретінде сатып алынады.