KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да 317 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі

30.12.2022, 17:20 749 Оразай Жеңісұлы

Шығыс өңірінде тұрғын үй, әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

Облыс әкімнің орынбасары Ержан Нұрбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингі барысында биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 883 мың м2 тұрғын үй салынғанын айтты.  Ал 317 мың м2 тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Құрылыс қарқыны түрлі бағдарламалар мен жобалардың болуына байланысты. Мәселен, жеке инвестициялар есебінен коммерциялық тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды: 67 коммерциялық үй,  560 мың м2.

– «Бір қабатты Шығыс» өңірлік жобасы аясында құны 3,2 млрд.теңге болатын оффтейк-келісімшарттар бойынша 20,2 мың шаршы метр болатын 132 үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 228 пәтер салынып, кейіннен сатып алынады. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге бөлінді. Жыл қорытындысы бойынша кезекте тұрған 432 адамға жалдамалы тұрғын үй беріледі деп күтілуде, – деді Е.Нұрбаев.

Сондай-ақ 2023 жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендерде 3,3 мың шаршы метр болатын 36 үйдің құрылысы басталды.

Облыс басшылығының ақпаратына сүйенсек, алдағы жылы ауылдардағы 93 аз қамтылған көпбалалы отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізу бойынша 41 жобаны іске асады.

Жыл қорытындысы бойынша 2023 жылға ауысатын 13 жобаны, 28 жобаны аяқтау жоспарлануда.

Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша жалпы құны 132,7 млрд. Теңге болатын 16 әлеуметтік-мәдени нысан салынады деген жоспар бар.

– Жылдың соңына дейін 5,2 млрд. теңге сомасына 7 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда, – деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар 2023 жылға ауысатын 9 нысан бар: спорттық нысандар – 3, білім беру нысандары — 3, денсаулық сақтау нысандары – 2.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу