KZ
Өскемен
-5°
небольшая облачность жел 3 м/с, ОШ
522.91 548.85 5.05

ШҚО-да тұрғын үй құрылысының көлемі 2,4 есе артады

Фото: редакция архивінен

24.05.2024, 13:44 156 Айжанат Бақытқызы

Шығыс Қазақстан облысында биыл жалға берілетін тұрғын үй құрылысының көлемі едәуір ұлғаяды. Баспанаға мұқтаж кезекте тұрған азаматтарға 766 пәтер беріледі, оның ішінде 458 жеке үйді «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс компаниялары салады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының кезекті сессиясында аймақ басшысы Ермек Көшербаев былтыр өңірде тұрғын үй құрылысына 127 млрд теңге инвестиция салынғанын, соның арқасында 353 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға берілгенін атап өтті. Бюджет қаражаты есебінен кезекте тұрғандар үшін 645 пәтер салынды және сатып алынды.

Сонымен қатар 656 пәтер несиелік тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Осылайша, жалпы бюджет қаражаты есебінен 1422 жалға берілетін және кредиттік тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Биыл облыста барлығы 400 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріледі, өсім – 113%. Бұның бәрі халықты қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз етуге мақсатында жүзеге асырылып отырғанын айта кету керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу