Бүгін Өскеменде бірқатар үйде жылу деңгейі уақытша төмендейді
Бүгін Әуезов 49, Әуезов 49б үйлерінің және Солжағалау тұрғындары уақытша жылу деңгейінің сәл төмендегенін сезуі мүмкін. Оған себеп - жылу құбыры бойында жүргізіліп жатқан жұмыстар, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Кеше АО "Шығыс жылу" мамандары С. Нұрмағамбетов көшесінің бойындағы жылу құбырларында ақау барын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастаған еді.
Қалпына келтіру жұмыстары қала басшылығының бақылауында. Шаһар басшысы Алмат Ақышов ақау орнында болып, мамандарға тез арада жылу деңгейін қалыпқа келтіруді тапсырды.
"Шығыс жылу" АҚ ақпараты бойынша, жылу деңгейі төмендеуі мүмкін нысандар - 120 пәтер, 2 жер үй және тұрғылықты үй болып саналмайтын 87 ғимарат.
Ақерке Рағызбаева
Фото:Аяужан Утеулинова
Видео:Данияр Сагидолдин