"Өскемен-Тарғын-Самар" жолында қозғалыс уақытша шектелді
Фото: pexels.com
05 қаңтар, 20:00-ден бастап "Өскемен-Тарғын-Самар" автожолының Тайынты ауылынан Самар ауылына дейінгі (88-145 км) учаскесі барлық автокөлік түрлеріне жабылды, - деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жол қызметтері мен төтенше жағдайлар мамандары жағдайды бақылауда ұстап отыр. Ауа райының тұрақсыздығы мен қардың көп түсуіне байланысты, қауіпті аймақтарға бармау туралы ескерту жасайды,- делінген “ОблШығысЖол” ЖШС.
ТЖД кеңес береді:
- Көрсетілген жол учаскесіне жол жүруден уақытша бас тарту;
- Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу;
- Қауіпсіздік шараларын сақтап, ТЖД ұсынымдарын орындау.
Оқи отырыңыз