Абай облысында Ертіс өзеніне автокөлік құлап кетті
Polisia.kz
2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00-де Полковничий аралында, Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Абай облысы ПД сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
– Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады,- делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз