Экология саласындағы жыл көрсеткіші
Бақылау-инспекциялық қызмет
Мемлекеттік экологиялық инспекция 1001 тексеру жүргізді. 2620 құқықбұзушылық анықталды, 1664 ұйғарым берілді, 2201 айыппұл салынды, олардың жалпы сомасы 82,8 млрд теңгені құрайды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету
2024 жылы экологиялық реттеу аясында 13 148 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Өтініштерді қарау кезінде ең үздік қолжетімді технологияларды енгізуге, қоршаған ортаға шығарындыларды азайтуға, сондай-ақ кез келген шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде экологиялық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою
Ағымдағы жылы ғарыштық мониторинг деректері бойынша 4887 рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері анықталды, олардың 4310-ы немесе 91%-ы жойылды.
Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау шараларын қабылдамағаны үшін жергілікті атқарушы органдардың 164 лауазымды тұлғасы 9,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін (ШАМЖ) енгізу
2024 жылдың соңына дейін шығарындыларды автоматтандырылған мониторинг жүйесін орнатуға міндетті 91 кәсіпорын анықталды. Бүгінгі таңда 69 кәсіпорын ШАМЖ орнатты.
ШАМЖ-ды уақытылы орнатпағаны үшін инспекторлық тексерулер аясында 26 кәсіпорын 15,5 млн теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ құқықбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.