Үлкен Нарын ауданының айтулы тойына «Мұзарт» келді
Үлкен Нарын ауданының 1 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Ауданның құрылғанына 1 жыл толуы – бұл тек тарихи ғана емес, болашаққа бағдар жасап, өңірдің өркендеу жолына бет бұрған кезең.
Мерейтойлық кеш алдында аудан тұрғындары мен қонақтары жергілікті қолөнер және бейнелеу өнері шеберлерінің көрмесін, сондай-ақ Үлкен Нарын тарихи-өлкетану музейінің құнды жәдігерлерімен танысып, тамашалады.
Салтанатты шара барысында Үлкен Нарын ауданының әкімі Елдос Байрахметов аудан халқын мерейтоймен құттықтап, ауданды дамытуға үлес қосқан азаматтарға «Құрметті азамат» атағын табыстады.
Мерекелік кешке жиналған жұрт қазақстандықтарға танымал «Мұзарт» тобының және аудандағы өнер ұжымдарының әсем де әсерлі әндерін тыңдап, рухани азық алып, демалып қайтты.