Үлкен Нарын ауданы: Көктерек ауылына су тартылды
pixabay.com
Республика күніне орай Үлкен Нарын ауданындағы ауылдарға таза ауыз су тартылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Биыл Кіші Нарын мен Көктерек ауылдарына су тартылды.
- Бүгінде аудандағы әр елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамту жолында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бұл бағытта алыстағы елді мекендерге де баса мән берілуде. Республика күні мерекесі қарсаңында Көктерек ауылында су құбыры іске қосылды, - деді Үлкен Нарын ауылының әкімі Елдос Байрахметов. - Көктерек ауылында 60 жылдан астам уақыт ауызсу болмаған. Жалпы ауылда 80 үй бар, оның 20-сына су берілді. Қалған үйлерге қараша айының аяғына дейін беріледі.
Аудан әкімі алдағы уақытта ауылдағы көшелерге тас жол төселетінін де атап өтті.
Сондай-ақ келесі жылы Үлкен Нарын, Үштөбе, Алтынбел, Көкбастау сияқты ауылдарға да ауыз су тартылмақ.
Оқи отырыңыз