KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 1 м/с, С
480.5 534.22 5.18

Үлкен Нарын ауданына басшы тағайындалды

instagram/dildar_kalikan

24.02.2024, 11:05 342 Назерке Каримова

Жаңа құрылған Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін Елдос Байрахметов атқарады.

Бұл туралы Катонқарағай ауданының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ділдар Қалиқан Елдос Жанболатұлының жаңа қызметіне сәттілік пен табыс тіледі.

ҚР Президентінің Жарлығымен жаңадан құрылған Үлкен Нарын ауданы әкімінің міндетін атқарушы лауазымына Байрахметов Елдос Жанболатұлы тағайындалды, - деп жазды ол.


Елдос Байрахметов 1990 жылы Үлкен Нарын ауданы, Балғын ауылында дүниеге келген.

Әр жылдары түрлі қызметтер атқарған:

  • 2011 жылы "Қазақтелеком" АҚ операторы қызметінде еңбек жолын бастаған.
  • 2012-2013 жылдар аралығында "Қазақтелеком" АҚ техник, инженер-конструктор.
  • 2016-2018 жылдар аралығында "Астанателеком" мекемесінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
  • 2019-2021 жылдар аралығындп "Ертіс" ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2021-2022 жылдары Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесінің (министрдің) кеңесшісі, көмекшісі.
  • 11.2022-02.2023 Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары.
  • 02.2023 ж. бастап Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив