Марқакөл ауданының тұрғындары ел Президентіне ризашылық білдірді
Фото: Жангелді Саиндолда
Марқакөл ауданының тұрғындары ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнежазба жолдап, Мемлекет басшысының аудан құру туралы Жарлығына өз ризашылықтарын білдірді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
Жергілікті тұрғындар бұл оқиғаны тарихи деп атады. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше сағат бұрын Ақорда ШҚО-дағы Қатонқарағай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Үлкен Нарын ауылында орналасатын Үлкен Нарын ауданын және Күршім ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Марқакөл ауылында орналасатын Марқакөл ауданын құру туралы Президент Жарлығы жарияланды.
Оқи отырыңыз