KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
530.24 543.97 5.16

2025 жылға қарай елімізде 23 жаңа балаларды сауықтыру орталығы ашылмақ

pexels.com

Кеше, 14:30 127 Төлеуғазы Жансая

Қазақстанда балаларды сауықтыру және шығармашылық дамыту орталықтары көбейтіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2027 жылға дейін балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында 50 сауықтыру орталығы мен 100 қосымша білім беру нысанының құрылысы жүзеге асырылады,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жылы өңірлерде 23 балаларды сауықтыру орталығы мен қосымша білім беру үшін 22 заманауи нысан салу жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда елімізде қосымша білім берумен 3,3 миллион бала қамтылған. Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында 1 713 мектептен тыс ұйым және 380 үйірме жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстанда 202 сауықтыру орталығы бар, оның 17-сі жыл бойы, ал қалған 185-і маусымдық негізде қызмет көрсетеді.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Алғаш рет девиантты мінез-құлқы бар 10 мың балаға үйірмелер мен секцияларға тіркелу мүмкіндігі басымдық тәртібімен проактивті түрде ұсынылды,- делінген хабарламада.

Жаңа нысандардың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асып, өнер мен шығармашылық саласында білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталады. Бұл бастама балалардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылық және интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу