KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, ОШ
518.31 567.96 6.03

Елде 79 өнер мектебі салынады

Фото: egemen.kz

4.07.2023, 11:54 444

Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін 100 жаңа ірі нысан салу бойынша жол картасы әзірленді.
Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
– Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 50 балалар сауықтыру лагерін құру, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объект салу жөніндегі жол картасының жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта жол картасының жобасы мүдделі мемлекеттік және жергілікті органдарға келісуге жіберілді. Жол картасы жобасы аясында 2023-2027 жылдары 100 объект, оның ішінде 21 Инновациялық шығармашылық орталығы және 79 өнер мектебін салу жоспарланған. Биыл жергілікті бюджет қаражаты есебінен 6 қосымша білім беру объектісінің құрылысы басталды, – деп атап өтті Тамара Дүйсенова жауабында.

Сондай-ақ оның атап өтуінше, республикалық бюджет қаражаты есебінен Инновациялық шығармашылықтың 15 үлгілік орталығын және 79 үлгілік өнер мектебін салу көзделген. Осы мақсаттарға алдын ала 178,6 млрд теңгеден астам қаражат қажет болады.

– Қазіргі уақытта 2024 жылы 15 қосымша білім беру объектісін салу үшін қажетті құжаттар дайындалуда. 100 жаңа қосымша білім беру объектісінің 52-сі ауылдық жерлерде салынатын болады. Бұл 2027 жылға қарай қосымша 800 мыңнан астам баланы қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы, аталған объектілердің құрылысы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, – деді Үкімет басшысының орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу