"КЭМОНТ" АҚ-ның банкрот деп танылуына негіз жоқ: ШҚО сот алқасы алғашқы инстанция шешімін күшінде қалдырды
2024 жылғы 26 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты "Bank RBK" АҚ-ның өтініші бойынша өңірдегі ең ірі электрмонтаж кәсіпорнын банкрот деп тану туралы арызын қанағаттандырудан бас тартқан болатын. Банк несиелік желі аясындағы қарызды мерзімінен бұрын өтеуді талап етіп, банкроттық туралы шешімді қайта қарау үшін екінші инстанция сотына шағымданды. Апелляциялық сот отырысы 2025 жылғы 8 қаңтарда өтті.
Сот алқасы шешімінде:
Шешімнің түсіндірмесінде сот алқасы алғашқы инстанция сотының тұжырымымен келісіп, қарыз алушының төлемге қабілетсіздігі дәлелденбегенін атап өтті. Материалдар "КЭМОНТ" АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметін жүргізіп, табыс тауып отырғанын, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігін орындап жатқанын дәлелдейді. Осы жағдайларды ескере отырып, банкрот деп тану туралы талап қанағаттандырылмады.
Анықтама үшін: "КЭМОНТ" АҚ 2024 жылғы 28 мамырдан бастап қаржылық-шаруашылық қызметін қайта жандандырды және қазіргі уақытта оң даму динамикасын көрсетіп отыр. 2024 жылғы ақпанда директорлар кеңесінің құрамы, соның ішінде кеңес төрағасы ауысты. Компания бірнеше ірі нысандарда бас мердігер ретінде жұмыс істеуде: Белоусовка ауылында мектеп құрылысы, Риддер ЖЭО-да тарату құрылғыларын күрделі жөндеу. Сонымен қатар, 2024 жылдың 1 қарашасында Өскемен қаласының жарықтандыру жүйелерін пайдалану бойынша 3 айлық келісімшартқа қол қойылды. Қараша айында облыс орталығының 22 ауданындағы электрмен жабдықтау желілері іске қосылып, жоба аясындағы жұмыстар үшін төлем жүргізілді. "КЭМОНТ" АҚ Бозанбай, Таврическое және Үлкен Нарын ауылдарындағы спорттық-сауықтыру кешендерін салуда қосалқы мердігер ретінде жұмыс істеп жатыр. 2024 жылдың мамырынан бері 314,5 млн теңге көлемінде жалақы бойынша қарыз өтелді.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев кәсіпорынды аралау барысында "КЭМОНТ" АҚ-ның қайта жандануына толық мүмкіндігі бар екенін айтты.
"КЭМОНТ" АҚ баспасөз қызметі
Фото: Махаббат Ахметжанова