Өзін банкрот деп тануға 30 адам арызданған – ШҚО
Фото: egemen.kz
Шығыс Қазақстан облысында биыл қабылданған жаңа заң бойынша өзін банкрот деп тану үшін 30 адам сотқа жүгінді.
Алайда бірқатарын заң талаптарына сәйкес банкрот деп тану мүмкін емес болған көрінеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір тұрғындары арасында өзін банкрот деп тану үшін сотқа жүгініп жатқандар бар.
– Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң 2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген. Қарызы бар және оны өтей алмай жүрген азаматтар заңгердің көмегімен банкроттық туралы арыз бере алды. Осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда барлығы 30 адам банкроттық жариялау үшін сотқа арызданған, – дейді облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дулат Салатов.
Оның ішінде 22-сінің өтініші заң бойынша кері қайтарылды.
– Қалған қаралып жатқан істер әлі апелляциялық сатыда. Бұл жаңа заң болғандықтан кейбір жағдайларда қиындықтар да туындап жатыр. Мәселен, бірнеше адам ортақ жауапкершілікте болғанда бір адамды банкрот деп тану қиын, – дейді Дулат Салатов.
Оқи отырыңыз