Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында ел туын ұстайтын спортшылар белгілі болды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі
Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы барлық алты спорт түрінен 10 жарыс тәртібі бойынша бақ сынайды. Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов алдағы жарысқа дайындық жұмыстарын атап өтті,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Министрдің айтуынша, Қазақстан құрамасы 138 спортшыдан тұрады және олар 31 медаль жиынтығы үшін жарысқа түседі. Биатлон, шаңғы, конькимен жүгіру, сондай-ақ қазіргі Азия чемпиондары болып табылатын хоккейшілерден үлкен үміт күтілуде.
IX қысқы Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстанның туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-тректің өкілі Ольга Тихонова ұстауы жоспарланған.