"Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" автокөлік жолында қар көшкінін алдын алу жұмыстары жүргізілмек
pixabay.com
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазселденқорғау» мекемесінің Шығыс Қазақстан аймақтық пайдалану басқармасы филиалының ақпаратына сәйкес, 2025 жылғы 16 қаңтарда сағат 10:00-ден бастап "Өскемен-Таулы Үлбі-Северное" автокөлік жолының 30-37 шақырымында қар көшкіндерін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілмек,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қар көшкіндерінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Профилактикалық шаралар қыс мезгіліндегі қар жиналудың артуына байланысты табиғи апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Жол қозғалысы уақытша шектелуі мүмкін болғандықтан, азаматтардан бұл аймақта қозғалысты жоспарлау барысында сақ болуын және алдын ала басқа маршруттарды пайдалануды сұрайды.