KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 3 м/с, В
516.13 538.01 5.29

Мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдде қақтығыстарын шешу тәртібі заңмен реттеледі

pixabay.com

15.01.2025, 16:30 946 Төлеуғазы Жансая

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңға енгізілген өзгерістер аясында «Мүдделер қақтығысы» атты жаңа тарау қосылды. Бұл тарауда мемлекеттік қызметкерлер мен олардың басшыларының мүдде қақтығыстарын болдырмау және шешу тәртібі белгіленген.

Мемлекеттік органдардағы мүдде қақтығысы туралы хабарламаларды этика бойынша уәкілетті тұлғалар қараса, квазимемлекеттік ұйымдарда – сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтері, ал олар болмаған жағдайда – кадр қызметтері қарайды. Қарастырылғаннан кейін олар мүдде қақтығысының алдын алу және реттеу бойынша немесе оның жоқтығы туралы қорытынды ұсынуы тиіс.

Мүдде қақтығысын болдырмау және шешу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін, сондай-ақ мүдде қақтығысы бар жағдайда лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді. Сонымен қатар, мүдде қақтығысы жағдайында қабылданған актілер, келісімдер немесе басқа шешімдер жойылады немесе заңсыз деп танылады.

Сонымен қатар, жеке мүдделерді жариялау енгізіледі. Мемлекеттік қызметке немесе мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты лауазымдарға тағайындалатын азаматтар жеке мүдделері туралы декларацияны кадр қызметіне ұсынуы тиіс. Оның толтырылу тәртібі Үкімет актісімен анықталады.

Заң деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету де регламенттеледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу