Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ
фото: aikyn.kz
Бүгінде сыбайлас жемқорлық қоғамның үлкен дертіне айналып отыр. Ал оның алдын алу шаралары да жүзеге асырылып келеді. Сондықтан да кез келген адамның сыбайлас жемқорлықты болдырмауға, заң талаптарын орындауға атсалысуының маңызы зор.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары бар. Олар: заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу және құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі мақсаттары да бар. Олар: қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру, құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту, құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлықтың қоғам дерті екенін ескере отырып, дайындалып жатқан, жасалатын немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам бұл туралы жоғары тұрған басшыға және мемлекеттік органның не өзі жұмыскері болып табылатын ұйымның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға хабар беруі тиіс. Ал, жоғары тұрған басшы, мемлекеттік органның, ұйымның басшылығы, уәкілетті мемлекеттік органдар құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабар бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті.
Г. Савина
Өскемен қаласының мамандандырылған
тергеу сотының бас маманы