KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
492.22 529.38 5.03

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі туралы семинар өтті

Фото: gov.kz

31.08.2023, 10:55 237

23 тамызда "Kazakhstan Bar Association" заң консультанттары палатасы және ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің төртінші мектебін" өткізді.

Семинарға облыстың квазимемлекеттік секторының комплаенс-қызметтерінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шарада ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Талғат Башев сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің квазимемлекеттік сектордағы маңызын атап өтіп, заңды бұлжытпай орындау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, осындай ұйымдардың қызметінде ашықтық пен әдептілікті қамту қажеттігін баса айтты.

Семинар барысында комплаенс қызметінің қызметкерлері "Kazakhstan Bar Association" заң консультанттары палатасының сарапшыларынан шарт жасасу кезіндегі комплаенстің рөлі, ақпарат берушілерді қорғау, компаниядағы комплаенстің маңызы туралы сұрақ қойып, ақпарат алды.

Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив