Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі
pexels.com
Қазақ спортшылары өткен аптада әлемдік ареналарда зор жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің абыройын асқақтатты,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Италияның Турин қаласында өткен XXXII қысқы Универсиаданың алғашқы аптасында Қазақстан студенттері 11 медаль (3 алтын, 4 күміс, 4 қола) жеңіп алды. Бұл жетістік еліміздің спортшыларының шеберлігі мен дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.
Бахрейннің Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогінің командалық сайысында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді. Ал жекелей бәсекеде Ғабиден Мұстафин қола медальді еншіледі.
Францияның Ницце қаласында өткен Henry Deglane Гран При турнирінде Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Эльмира Сыздықова (76 кг) мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль жеңіп алды.
Тунисте өткен WTT Youth Star Contender Tunis турнирінде Алан Құрманғалиев қола медальға қол жеткізді.