KZ
Өскемен
-5°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

Фото: pexels.com

2.12.2024, 19:00 390 Гульжан Мусина

Қазақстан спортшылары өткен аптада халықаралық жарыстарда тамаша нәтижелерге қол жеткізді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Италияның Монтесильвано қаласында кадеттер арасындағы (U8-U12) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Бұл жетістік елдің шахматтағы әлеуетін тағы бір дәлелдеді.

Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңінде жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы қола жүлдеге ие болды. Жас спортшылардың бұл жеңісі конькимен жүгіру спортында жаңа есімдердің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.

Бахрейнде өткен Bahrain International Series II 2024 турнирінде Дмитрий Панарин мен Айша Жұмабек жұптық сайыста топ жарып, чемпион атанды. Сонымен қатар, Панарин жекелей сында да қола медаль иеленді.

Мексиканың Мерида қаласында ITF J500 жасөспірімдер турнирінде Әмір Омарханов жұптық сында жеңімпаз атанды. Финалда ол ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге чехиялық Петр Брунлик пен ұлыбританиялық Чарли Робертсонды жеңіп шықты. Есеп – 6:4, 6:1.

«Қайрат» командасы Хорватияның Загреб қаласында футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде B тобында жеңіске жетіп, «Төрттік финалға» жолдама алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу