KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Қазақстан мен Қытай шекарасы бес күнге жабылады

pexels.com

21.01.2025, 16:30 1 006 Төлеуғазы Жансая

Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобильдік өткізу бекеттері Қытай Жаңа жылын мерекелеуге байланысты уақытша жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Өткізу бекеттері 27 қаңтар сағат 20:00-ден 1 ақпан сағат 08:00-ге дейін жұмыс істемейді.

«ҚХР-да Көктем мерекесіне байланысты 27 қаңтар күні сағат 20:00-ден 1 ақпан күні сағат 08:00-ге дейін Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Ал теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады»,- делінген хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу