ШҚО-да отандық өндірісті дамытуға қолдау көрсетілуде (Видео)
Өскемендегі SP Jet кәсіпорны гидравликалық және пневматикалық жабдықтар шығарып, отандық өндірістің дамуына үлес қосып келеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев кәсіпорынға арнайы барып, өндіріс процесімен танысып, жұмысшылармен экономиканы әртараптандыру және жергілікті өндірісті қолдау мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
SP Jet компаниясы техникалық, пластмасса және металл бұйымдарын өндірумен қатар, арнайы жабдықтарды жобалап, құрастырады.
Бүгінде компанияда заманауи технологиялар енгізіліп, өнім ассортименті кеңейіп, экспорт көлемі артып келеді.
Аймақ басшысының айтуынша, өңірлік билік отандық өнім өндірушілерді қолдауды жалғастырады. Әсіресе, бәсекеге қабілетті тауар өндіріп, инновациялық шешімдерді жүзеге асырып отырған кәсіпорындарға ерекше назар аударылады.
Фото: Аяужан Утеулинова