ШҚО әкімі жергілікті өндіріс туралы: "Біз әлеуетімізді дамытамыз"
"Бір ауыл – бір өнім" көрмесінде Алтай ауданының ауылдық округтерінен келген тауар өндірушілер жартылай фабрикаттар, күнбағыс майы, макарон және нан-тоқаш өнімдері, десерттер, бал, жұмыртқа, кір сабын, шырша майы және тағы басқа да өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды Altainews.kz. тілшісі.
Ауданда жұмыс сапарымен жүрген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев отандық өндіріс өнімдерінің ассортиментімен танысты. Өңір басшысы билік жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңасын ашу бойынша кәсіпкерлердің жобаларын қолдауға дайын екенін атап өтті.
- Біз әлеуетімізді дамытамыз. Бұл Алтай ауданынан шығатын өнімдердің аз ғана бөлігі. Біз нарықты отандық тауарлармен қалай қамтамасыз ету керектігін қарастыруымыз қажет. Мемлекет кәсіпкердің белгілі бір өндірісті ашуы үшін жағдай жасауы керек. Бізде жақсы мемлекеттік бағдарламалар бар. Қорқудың қажеті жоқ, қимылдау керек. Ауылдық округтердің әкімдері осы бағытта халықпен жұмыс жүргізуі тиіс, - деп атап өтті Ермек Көшербаев.
Жергілікті тауар өндірушілер мемлекеттік қолдау шараларын қуана-қуана пайдаланады. Мысалы, ЖК Манасова "Ауыл аманаты" жобасына суық және ыстық ысталған балықты өндіру және өңдеу цехын ашу жөнінде өтінім берген.
Тағы бір оң мысал – Серебрянка қаласының тұрғыны Айжан Қасенова кір сабын өндірісін жолға қойды. Өз ісін дамытуға ол 400 АЕК көлемінде грант алды.
- Мұның бәрі сабын жасаудан басталды. Кейінірек сабын өндірісімен шұғылдану идеясы келді. Біздің өңірде бұл бағытта бәсекелестік жоқ, - деп бөлісті ол.
Жаңа өндіріс нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындарды, атап айтқанда ауылдық жерлерде жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Айна Ескенқызы
Татьяна Кравченко
Фото Аяужан Утеулинова