Жигули Дайрабаев май экстракциялық зауытына барды
![](/kz/uploads/posts/2022-11/55be5914-a3aa-48f6-bf4a-d542a0959515.webp)
ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Семей қаласындағы «Qazaq Astyq group» ЖШС май экстракциялық зауытына барып, еңбек ұжымымен кездесті.
Кандидатпен кездесу барысында зауыт ұжымы өздерінің түйткілді мәселелерін баяндап, шешу жолдарын бірлесе қарастыруға ниет білдірді.
Өз кезегінде Жигули Дайрабаев отандық өндіріс саласының дамуына үлес қосып жүрген әрбір кәсіпорынға мемлекет қолдау көрсету қажет екендігіне баса назар аударды.
- Еліміздің өсімдік майы өндірісінде әлемдік деңгейге көтерілуіне күмән жоқ. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне үлкен көлемдегі экспортқа шығуға мүмкіндік бар. Өз кезегінде мемлекеттің саясаты егістік алқабын әртараптандыруға және май дақылдарын өсіруді субсидиялауға бағытталуы тиіс. Осылайша осы сектордағы импорттың үлесін азайтуға және жеке қайта өңдеуші өндіріс ошақтарын дамытуға септігіміз тиеді», – дейді Жигули Дайрабаев.
Жиын соңында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, саланы дамыту жолындағы жоспарларымен бөлісті.