Көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл мөлшері төмендейді: Ұландықтар жол қозғалысы ережесіне енгізілген өзгерістермен танысты
Ұлттық ұланның 5518 әскери бөлімінде жол жүру ережелері мен қауіпсіздік талаптарын түсіндіруге арналған жиын өтті. Оған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 және 3477 әскери бөлімдерінің офицерлері мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері қатысты. Шараны өңірлік қолбасшылықтың техника және қару-жарақ басқармасы мен әскери полиция басқармасы ұйымдастырды. Басқосуда ұландықтардың қызметтік және жеке автокөліктерімен орын алатын жол-көлік оқиғалары мен әкімшілік құқық бұзушылықтары талқыланды.
Алғашқы болып сөз алған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Азамат Ғабдуллин елімізде өткен жылы болған жол-көлік оқиғаларына талдау жасады.
Сонымен қатар, техника және қару-жарақ басқармасының бастығы, полковник Евгений Карпушин «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери қызметшілер арасында орын алған жол-көлік оқиғаларына сараптама жасады.
«Европротокол» мобильді қосымшасы таныстырылды
Шараға қатысқан полиция қызметкерлері де өз бағыттары бойынша ақпарат беріп, «Европротокол» арнайы мобильді қосымшасын таныстырды.
ШҚО полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция капитаны Ерасыл Сақарбеков ұсақ жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер сақтандыру жағдайын полиция мен соттың қатысуынсыз, оңайлатылған тәртіппен рәсімдей алатынын, бұл үшін «Европротокол» мобильді қосымшасы әзірленгенін атап өтті.
Ал ШҚО полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Мақсат Ораз жол қозғалысы ережесіне енгізілген жаңа өзгерістерге тоқталды.
Жиын соңында әскери қызметшілер сұрақтарына жауап алды
Кездесу барысында әскери қызметшілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң аясында тиісті жауаптарын алды.
«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі