Өскемендік әскери бөлімдер инспекторлық тексерістен өтуде
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Бауыржан Әбжанов бастаған арнайы комиссия тексеру жұмыстарын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5518 және 3477 әскери бөлімдерінде жүргізуде,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Төрт жылда бір келетін кешенді тексерісте Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби біліктіліктері сынға түсті. Инспекторлық тексерісті әскери бөлімдер ғана емес, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басқарма офицерлері мен сержанттары да тапсырады.
Басты мақсат - "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің жауынгерлік жай-күйін, әскери қызметшілердің кәсіби қабілеттерін анықтау. Тексеріс барысында әскери қызметшілер оқу-жаттығу, тактикалық, дене және атыс даярлығы, мемлекеттік құқықтық дайындық, әскери топография және басқа да негізгі пәндер бойынша сынақ тапсырады.
Бұл бөлімдер еліміздің шығыс шебіндегі ірі әскери құрылымдардың бірі. Айта кетейік, 5518 әскери бөлімі қаладағы қоғамдық тәртіпті күзетсе, 3477 әскери бөлімінің жауынгерлері мемлекет үшін аса маңызды нысандарды күзетеді.
ҰҰ«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі бастығы